БҚО-да шегірткеге қарсы күрес жүргізілуде
Сала мамандары жағдай тұрақты деп хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында шегірткеге қарсы күрес жүріп жатыр. Сала мамандары жағдай тұрақты деп мәлімдеді. Зиянкестермен күрес үшін 14 жер үсті бүріккіш, бес аэрозольды генератор, екі дельтаплан және үш дрон жұмылдырылған.
— Саяқ шегірткелерге қарсы 16 техника жұмыс істеуде. Облыс бойынша 40 техника жұмылдырылыпты. Биыл шегірткелердің көбеюіне байланысты қосымша жұмыс атқарылуда, — деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы.
Сала мамандары Сырым ауданында шегірткеден 38 880 гектар жер өңделді мәлім етті. Қазіргі таңда екі вентилятор, үш аэрозольды генератор жұмыс істеуде. Ауданда жағдай тұрақты әрі шағым жоқ деседі.