2026 жылы ораза қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті.

Қазақстанның муфтияты 2026 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті. Кестеге сәйкес мұсылмандар асыға күтетін, Рамазан айы19 ақпанда басталмақ. Жаңа кестеге сәйкес 16-17 наурызға қараған түні Қадыр түні, Ораза айт 20 наурыз деп белгіленген.

Ал, Құрбан айт 27-29 мамыр деп бекітіліпті.

— Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді,— деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.