05 сентября в 15:20
БҚО-да мемлекетке 56 млн теңге шығын келтірген шенеунік сотталды
Сырым ауданының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының басшысы жол салу кезінде заң бұзған.
Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы сотталды. Ол жол салу кезінде заң бұзушылыққа жол берген. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Прокурорлар бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілетін теріс пайдаланғанын анықтапты. Сотталған шенеунік заңсыз әрекеттерге барып, мемлекетке 56 миллион теңгеден астам залал келтірген.
Сырым аудандық сотының судьясы бұрынғы бөлім басшысын үш жыл, алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу туралы үкім кесті.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Фото istockphoto.com сайтынан жүктелді
- Уральцы пожаловались на долгий ремонт дорог
- Пенсионерку с внучкой сбили в Актобе. Бабушка погибла
- Қазақстанда жасанды интеллект жол сапасын бақылайды