10 часов назад

БҚО-да WorldSkills Oral чемпионаты басталды

Орал қаласында жұмысшы мамандықтарда білім алатын студенттер арасында WorldSkills байқауының облыстық кезеңі басталды.

Автордың фотосы

Орал қаласында жұмысшы мамандықтар жылына орай, WorldSkills байқауының облыстық кезеңі басталды. Чемпионаттың мақсаты- жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттап, кәсіби дағдыларды дамыту арқылы еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау. Сайыста 430-дан астам студент бақ сынайды. Байқау қатысушылары 59 құзыреттілік бойынша сайысқа түседі.

— Бұған дейін әрбір колледжде чемпионаттар өтті. Жарыстың жеңімпаздары жиналып отыр. Кейбір құзыреттіліктер колледждердің базасында өтсе, бүгін Теннис орлатығы базасында үш күн қатарынан 20-ның үстінде құзыреттілік бойынша өтеді. Мұнда кәсіптік-техникалық оқу орындарының студенттері жиналып отыр. Бұл жарыстың ішінде  Құрылыс, IT, сервис мамандықтары кіреді. Бұл- халықаралық қозғалыс. «Жұмысшы қолдар» олимпиадасы деп те атайды. Бүкіл әлемде өтеді. Соңғы әлемдік чемпионатта облысымыздың түлегі Руслан Юсупов жоғары деңгейде орын алды. Вебөтехнологиялар құзыреті бойынша біліктілігін көрсетті, - дейді облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары Әли Масалимов.  

Осы байқауға қатысқан студенттің бірі - Әділжан Менеев. Ол Бөкей Ордасы колледжінде IT мамандығы бойынша білім алады. Әділжан осымен үшінші мәрте WorldSkills байқауына қатысып отыр. Ол робототехниканың құлағында ойнайды.

— Мен осы сайысқа үшінші рет қатысып отырмын. Бірінші рет Орал қаласында өткен жарыста орын алып, Астанаға барып бақ сынадым. Чемпионаттың облыстық кезеңінен жеңімпаз деп танылып, республикалық кезеңге жолдама алуға үмітім бар. Роботехниканың болашағы бар деп ойлаймын. Мұнда ойланып, құрап, қолыңмен  жұмыс істейсің. Қасымда өзге адамдар болады. Олармен тәжірибе аласамын,- деді Бөкей Ордасы колледжінің студенті Әділжан Менеев.

WorldSkills-тің тарихы тереңде. Халықаралық қозғалыс 1947 жылы Испанияда соғыстан кейінгі кезеңде елдің өнеркәсібін қалпына келтіру үшін жоғары білікті жұмысшылардың жетіспеушілігін жою үшін құрылған. Содан бері жұмысшы мамандарды қолдау үшін еңбектеніп келеді.

Халықаралық жарысқа деген қызызушылық жылдан жылға артуда. Батысқазақстандық студенттер 2018 жылдан бастап WorldSkills байқауына қатысып келеді.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады. Ел біріншілігі күзде өтеді.