4 часа назад

Бөрлі ауданында мемлекет басшысының жолдауын талқылады

Amanat партиясының Бөрлі аудандық активі мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жолдауын талқылады.

AMANAT партиясы БҚО филиалының фотосы

Ақсай қаласында AMANAT партиясының аудандық активі өтті. Жиында партияластар мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған кезекті жолдауын талқылады. Жиында облыстық партия филиалы атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев президенттің «Қарызсыз қоғам» атты жобаның аяқ-алысына тоқталды.

— Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында «AMANAT» партиясының бірнеше жобасы – «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» және «Таза Қазақстан» бастамалары атап өтілді. Бұл – аталған жобалардың қоғамға беріп отырған нақты нәтижесінің көрсеткіші. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырып, мазмұнын тереңдетеміз, — деді AMANAT партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев.

Жиында Бөрлі аудандық мәслихат депутаты Қ.Ермекбаев есептік кезеңдегі жұмыс барысына тоқталды. Ол тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау және аудан мен округтегі жолдардың сапасына байланысты жүргізілетін рейд, азаматтардың өтініші негізінде мәселелерді шешу жолдарын тілге тиек етті.

Активте Бумакөл ауылының әкімі Нарынбек Каймулдинов елді мекеннің экономикалық даму әлеуеті жайлы айтып берді. Ол  ауылдық округте “Ауыл аманаты” партиялық жобасы аясында несие алып, кәсібін жүргізіп отырған жеке кәсіпкерлердің жұмысын жіпке тізді. Әкім ірі қара мал алып, мал басын көбейтіп отырған және наубайхана ісін дамытып отырған кәсіп иелеріне кеңінен тоқталды.

Бөрлі аудандық «Спорт» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Суиндыкова партиялық жобалар аясында атқаралып жатырған іс-шаралар легі туралы ақпарат берді. Ол белсенді партияластардың қатысуымен тазалық жұмыстары, сенбіліктер ұйымдастырылып жүргені туралы айтып өтті.