Некеге мәжбүрлегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Некеге мәжбүрлеп, қысым көрсеткендер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Биылдан бастап жаза күшейтілді.
Елімізде енді некеге мәжбүрлеп, қысым көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Президент 2025 жылдың 16 шілдесінде тиісті заңнамаға қол қойды. Осы өзгеріске байланысты қылмыстық кодекстің 125-1 бабы енгізілді. Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер ауыр зардап көрсеткен болса, он жылға дейін жазаға тартылмақ. Прокурорлар қылмыстық кодекстің 125 бабына өзгерістер енгізіліп, жәбірленушіні ерікті түрде босату жағдайында істі тоқтатуға жол берілмейді. Енді мәжбүрлі некеге тұру мақсатында қалыңдықты ұрлау ісі қылмыстық кодекстің 125 және 125-1-баптарының жиынтығы бойынша сараланатынын еске салады.
Соңғы бес жылда Қазақстанда осындай 257 қылмыстық іс тіркеліпті. Олардың 95% тоқтатылған.
Неке – бұл ерікті одақ. Маңызды қадам тек екі жақтың өзара келісімімен ғана жасалуы тиіс. Мәжбүрлеу, әсіресе қысым, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық көрсету – бұл адамның негізгі құқықтарын бұзу. Заңнамаға сәйкес «Неке және отбасы туралы» Кодекстің 25 бабының бірінші тармағы, екінші тармақшасына сәйкес шаңырақ жарамсыз деп танылады.