05 августа в 17:10
Оралда Айталиев көшесінде тұтанған өрт оқшауланды
Облыстық төтенше жағдай департаменті сүт комбинатына байланысты ақпарат берді.
Орал қаласында Айталиев көшесінде орналасқан сүт комбинатының аумағында өрт сағат 16.38 оқшауланды, -деп облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Анықталғандай сүт комбинатының аумағында екі цехтың шатыры жаныпты.
Қызыл жалынға оранған бір ғимаратта дайын өніммен бірге тоңазтқыш жабдықтары, екінші цехта балмұздақ өндіруге арналған құрал-жабдық болыпты. Тілсіз жаудың кесірінен шамамен үш мың шаршы метр жанған. Төтеншеліктер қатты желдің кесірінен өртті сөндіру оңайға соқпағасын жасырмады.
Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ көрінеді. Қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан 45 адам мен 19 бірлік техника жұмылдырылыпты.
Медет Медресовтың фотосы
Оралда сүт комбинатының аумағында өрт шықты