Оралда сүт комбинатының аумағында өрт шықты
Қазіргі таңда өрт сөндірушілер Айталиев көшесінде орналасқан сүт комбинатының аумағында тұтанған қызыл жалынды сөндіріп жатыр.

Оралда Айталиев көшесінде орналасқан сүт комбинатының аумағында бөлек орналасқан ғимаратта өрт шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тілсіз жау өндіріс ошағының аумағында бөлек орналасқан бір қабатты, азық-түлікті ыстауға арналған ғимаратта тұтаныпты.
- Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс жасауда.Өрт сөндіру оқпандары іске қосылды, -деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тілсіз жаудан зардап шекті деген ақпарат 112 нөміріне келіп түспеген.