14 часов назад

Қазақстанда дихандар 5,9 млн тонна астық жинады

Күні бүгінге дейін дихандар егіс алқабының 26 пайызын жиып үлгерген.

Автордың фотосы

Ел аумағында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда шаруалар 4,2 миллион гектар жерден егін орып үлгерген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жиналған өнім егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы қамбаларға 5,9 миллион тонна астық бастырылған. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 112,8 мың тонна майлы дақыл, 684,2 мың тонна картоп, 1,9 миллион тонна көкөніс, сондай-ақ 2 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын жинап үлгерген.

—Көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша: 340,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі – 374,8 ц/га), 326,9 мың тонна пияз (өнімділігі – 394,2 ц/га), 115,7 мың тонна сәбіз (өнімділігі – 302,9 ц/га) жиналды, —деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізілуде екен.