3 часа назад
Қазақстанда жаңа коллекциялық монета айналымға шықты
Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан E. BÓKETOV. 100 JYL монеталары сатылымға шығып жатыр, деп хабарлады.
Қазақстанда «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы жаңа коллекциялық монетамен толықты. Ұлттық банк Ебіней Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына орай, жаңа монета жасап, саттыққа шығарды. Оны реттеуші банктың онлайн дүкені kazcoins.nationalbank.kz сайтынан сатып алуға болады.
Жаңа коллекциялық монетаның сипаттамасы мынандай. Ол мельхиор қорытпасынан жасалған. Оның салмағы 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, бес мың дана жасалыпты.
- Старые 5000 тенге изымают из оборота: как не потерять деньги
- 25 қыркүйектен бастап Қазақстанда ескі 5000 теңгелік купюралармен сауда жасай алмайсыз