Елімізде халықаралық рейстердің санын Арменияның әуе компаниясы толықтырды. 12 маусымнан бастап FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван-Алматы бағытында қатынайды. Көлік министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, рейс аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері ұшады.
– Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына үш рейстен бес рейске дейін артады. Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деп хабарлады Көлік министрлігі.