• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады

Яндекс Таксиге 10 жыл: ең адал серіктес жүргізушілерден әр сапар үшін небәрі 1 теңге ұсталады

Яндекс Такси 2016 жылы Қазақстанда іске қосылған сәттен бері сервиспен бірге жұмыс істеп келе жатқан жүргізушілерге арнайы шарттары бар промокод сыйлады. Бұл промокод бойынша сервис жүргізушілерден әр сапардан небәрі 1 теңге ғана ұстайды. Арнайы шарттар 2027 жылдың тамызына дейін күшінде болады.
Мұндай сыйлыққа Яндекс Такси арқылы тапсырыс орындап келе жатқан және он жыл бойы жыл сайын кемінде 100 күн желіге шыққан жүргізушілер ие болды. Осы уақыт ішінде олар шамамен 2,7 миллион сапар орындап, жолда жалпы алғанда 1 миллион сағатқа жуық уақыт өткізген.
Осы орайда Яндекс Таксидің 10 жылдыққа орай басқа да жүргізушілерге сыйлық әзірлегенін айта кету керек. Тамыз айы бойы барлық жүргізуші ұтыс ойынына қатыса алады. Бас жүлде – Kia Cerato автокөлігі. Бұдан бөлек, қатысушылар төрт мыңға жуық сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында Жанармай мен Тағам сервистеріне арналған промокодтар, Яндекс Плюс бонус ұпайлары, бір жылдық Яндекс Плюс жазылымдары және комиссиясыз жұмыс істеуге арналған промокодтар бар.
Ұтыс ойынына қатысу үшін сервис арқылы тапсырыстарды орындау жеткілікті. Жеңімпаздар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында анықталады. Жеңімпаз анықталған сәтте жүргізушінің рейтингі 4,8-ден төмен болмауға тиіс.
Яндекс Такси Қазақстанда жұмысын 2016 жылдың шілде айында Алматы қаласында бастады. Ол кезде сервиске 150 көлік пен тоғыз таксопарк қосылған еді. Бүгінде Яндекс Такси Қазақстанның 25 қаласында жұмыс істеп, жүздеген таксопаркпен серіктестік орнатқан.

Главный баннер --> after article