Социум
20 ауланы абаттандыруға 500 млн теңге бөлінді
Оралда 20 ауланы абаттандыруға 500 млн теңге бөлінді. Биыл конкурстық рәсімдер ерте аяқталған. Бес мекенжай бойынша құрылыс жұмыcтары мамыр айында басталған. Бір айдан кейін алғашқы нысандар тапсырыла бастайды. Дегенмен, облыс орталығында әлі де 109 аула жөндеуді қажет етеді. Сұрықсыз ауламыздың қашан сәні кіреді екен дейді Северо-Восток 46/1-үй мекенжайының тұрғындары. Лариса Чукалинаның мұнда тұрғанына 30 жыл. Ол кіреберіс жолдардың тасжолға айналғанына күйінеді. Жүргізушілер кептелістен қашып, осы аула арқылы өтуді әдет қылған. Жол шұрық-тесік, ойын алаңы жоқ. - Жолдың көретін жері жоқ. Жақ