29 марта в 15:00

2024 жылы Қазақстанда 4000 астам туберкулезге шалдыққан науқас анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы 4000 астам туберкулезге шалдыққан науқас анықталғанын хабарлады. Ауруға шалдыққандарды флюорография тексерісі арқылы тапқан.

2024 жылы Қазақстанда 4000 астам туберкулезге шалдыққан науқас анықталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Өткен жылы елімізде бес миллион 624 782 мың адам флюорография тексерісінен өтті. Соның нәтижесінде 4016 азаматта туберкулез дерті анықталыпты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрлік таратқан ақпарға сүйенсек, флюорография тексерісінен өткен жандардың саны 22,4 пайызға артқан. Қазақстанда туберкулезді анықтау үшін заманауи әдістер қолданылады. Молекулалық-генетикалық диагностика– жоғары сезімтал экспресс-әдістердің көмегімен 88 000-нан астам адам тексерілді. Тексерілгендердің 8083 сырқат расталды.

Өткен жылы елімізде 6380 науқас амбулаториялық жолмен емделді. Науқастардың 59,4 пайызы емханаларда ем-дом қабылдады. 82 адам үйінде емделді. 30 науқас күндізгі стационарларда, 117 адам мобильдік бригадалардың көмегімен ем алыпты. 2357 смартфондар арқылы бейнебақылау режимінде емделіп жатыр.

Министрлік емдеуге жауапты мейіргерлер мен фтизиатрлар мұқият бақылайды. Пациенттер дәрі-дәрмектерді алады, дозаны өткізіп алу жағдайларын болдырмау үшін күн сайын дәрі-дәрмектерді қабылдау мониторингі жүргізіледі деп хабарлады.

Соңғы алты жылда Қазақстанда туберкулездің кесірінен жан тапсырғандардың саны 50 пайызға төмендепті. Сырқатқа шалдығу 27% азайыпты.

Жұқпалы дертті емдеу үшін заманиу әдістер қолданылып жатыр. Соның арқасында емдеу мерзімі 18 айдан, 9-12 айға дейін қысқарды. Өткен жылы ел аумағында емдеу мерзімін алты айға дейін қысқартатын жаңа туберкулезге қарсы претоманид препаратын (BPaL/BPaLM режимі) қолданатын пилоттық жобасы басталды. Бұл режимді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәріге көнбейтін туберкулезді емдеу үшін ұсынған еді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp