11 сыныпқа қадам басқан оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы алаңдатады. Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саяст Нұрбек сынақтың жаңа форматы енгізіледі деп хабарлаған еді. Жақында министр UTO Talk подкастында ҰБТ-ның 2027 жылы форматы өзгермейтінін кесіп айтты. Министр зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін AIT ҰБТ-мен қатар пилоттық форматта сыналады деп жеткізді.
Пилоттық кезеңге қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл кезең тест тапсырмаларының дұрыс құрастырылғанын, талапкерлердің сұрақтарды қалай қабылдайтынын және қандай тұстарды жетілдіру қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді екен.