Без рубрики
25 жылда елді мекендерді газбен қамтуға 20 млрд теңге бөлінді
Осыдан ширек ғасыр бұрын өңірдегі көптеген елді мекендер тұрғындары үшін көгілдір отынның игілігін көру арман болатын. Тәуелсіздікпен бірге бұл арман шындыққа айналды. Бүгінде облысты газдандыру көрсеткіші 93,4 пайызға жетті. 1991 жылы бұл тек 15 пайызды құрайтын. «Қарашығанақ-Орал» газ желісінен «Жайықжылуқуат» орталығына магистральды газ құбырын тарту жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын құбырдың іске қосылуымен жылу орталығы қосымша газ желісімен қамтылады. Бұл стратегиялық нысанның іркіліссіз жұмысына сеп