Батыс Қазақстан облысында 2026 жылдың екі айында 262 адамды ит қапқан. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл өңірде 417 адам жануарлар тістеді, қапты, тырнады деп медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 жағдайға көп. Былтыр жануарлардың қабуы мен тістеуіне, сілекейі тиді деп шағымданғандардың саны 339-ды құрап еді.

2026 жылы зардап шеккен жандардың 90-ы бала екен. Биыл жарақат алғандардың 68 пайызын ит қауіпті. Ал, науқастардың 23,8 пайызын мысық тістеп, тырнаған. Мүйізді ірі қара 20 адамды жарақаттап үлгерген.

Сала мамандары облыста құтырма ауруы тіркелмегенін мәлімдеді. Департамент қызметкерлері ит қапқан, жануарлардан жарақат алған 417 адам дереу медициналық көмекке жүгініп, оларға құтыруға қарсы екпе салдырғанын хабарлады.

Құтыру ауруы -адам үшін өте қауіпті. Оның емі жоқ. Жыл сайын әлемде 500 мың адам осы кеселдің кесірінен жан тапсырады. Бірақ, осы дерттің алдын алуға болады. Ол үшін уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет.