Ақсай қаласы мешітінің бас имамы Бөрлі мешітінің жамағатымен кездесті
Кездесуде бас имам Қанат Жакенов оразаның пайдасы турасында уағыз айтты, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталының тілшісі. Бас имам өз сөзінде: «Оразаның пайдасы өте көп. Соның бірі адам баласын сабырлылыққа, төзімділікке баулиды. Өйткені күні бойы қарны ашса да ештеңе жемей, шөлдесе де бір жұтым су ішпей төзіп бағады. Өзіне жамандық жасағандарға «Мен оразамын» деп жауап беріп, төзімділікпен мінез-құлқын түзейді. Жүйкесі жұқарған жан ғана сабырсыз әрі шыдамсыз келеді. Тіпті, ұрыс-керіс, төбелес, қылмыс атаулының көпшілігі тез ашулану және сабырсыздық дегеннен туады. Демек ораза атты құлшылық түрі