• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да жағдайы ауыр науқасты тікұшақпен қалаға тасымалдады

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы науқасты тасымалдады.
БҚО-да жағдайы ауыр науқасты тікұшақпен қалаға тасымалдады
Фото видеодан стоп кадр

Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі тікұшақ жағдайы ауыр тұрғынды Оралға тасымалдады. 112 телеграм каналының хабарлауы бойынша тікұшақ Казталов ауданының 1963 жылы туған тұрғынына көмекке келген. Науқас аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан екен.

— Санитариялық рейс арқылы пациентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысы тасымалдау уақытын едәуір қысқартып, емнің оң нәтижелі болу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік, – деп хабарлады Төтенше жағдай министрлігі.

 

Главный баннер --> after article