Ақсай каласындағы мектептердегі күрделі жөндеу сапасын депутаттар тексерді
Ақсай қаласындағы №3 және №4 орта мектептерде биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге қаражат бөлінді. Өткен аптада Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов және аудандық мәслихат депутаттары Анвар Агаев, Надежда Шиганакова, Малика Махауова, Лесбай Елеусинов №3 және №4 орта мектепке барып, "Жайықжарығы" мердігерлік ұйымының құрылтайшысы А. Қарағойшиевпен кездесті. Мақсат - «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын, сапасын тексеру, жұмыс