Ақсайлықтар көп қабатты үйдің балконына Қазақстан туын ілді
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде Ақсай қаласының тұрғындары қазақ еліне, туған жерге, Бөрлі ауданына деген патриоттық сезімін білдіру мақсатында көп қабатты үйдің балкондарына мемлекеттік туды ілді. Осылайша 10 шағын аудандағы тоғыз қабатты 21 үйдің тұрғындары терезелерін мемлекеттік тумен көмкерді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлованың берген мәліметінше, Бөрлі ауданының жастары мен волонтерлері шараға өз еріктерімен белсене атсалысқан. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік рәміздерді көп қабатты үйдің қасбет