Еліміздің Ұлттық банкі жаңа коллекциялық монетаның айналымға шығады деп мәлімдеді. Жаңа монета «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» деп аталады. Ол күмістен жасалады. Коллекциялық ділдәні оныншы шілдеден бастап реттеуші банктың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкенінен сатып алуға болады.
Монетаны дайындау барысында алтын жалату технологиясы қолданылған. Монета массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк ақпан айында "Спорт" сериясымен "OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK" монетасы күмістен жасалған монетаны және "Байқоңыр– 70 жыл" атты коллекциялық монетаны саттыққа шығарды.