• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда жаңа монеталар саттыққа шықты

Жаңа монеталарды интернет дүкеннен сатып алуға болады.
Қазақстанда жаңа монеталар саттыққа шықты
Ұлттық банктің суреті

Еліміздің Ұлттық банкі жаңа монеталарды саттыққа шығарды. Интернет дүкеннен қысқы Олимпиада ойындарына орай шығарылған Шорт-трек монетасы мен «Байқоңыр– 70 жыл» атты монетаны сатып алуға болады.

Реттеуші банк «Спорт» сериясымен жарық көрген «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монетасы күмістен дайындалған. Оның сынама мөлшері – 925-ті құрайды. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – екі мың данамен жарық көрген.

Ал «БАЙҚОҢЫР – 70 ЖЫЛ» монетасы толықтай танталдан дайындалған. Монета аверсінде ультракүлгін сәуледе көрінетін жасырын бейнелерді қолдану технологиясы қолданылған. Монета массасы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 500 дананы құрайды.

Интернет дүкенде шорт-трекке арналған монета 29 мың теңгеден, Байқоңырға арналған монета 89000 теңгеден саудаланып жатыр.

Главный баннер --> after article