• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Air Astana Иран әуе кеңістігін айналып ұшады

Еліміздің тасымалдаушы компаниясы Иран әуе кеңістігін айналып ұшуға байланысты кейбір рейстерде өзгерістер болатынын хабарлайды.
Air Astana Иран әуе кеңістігін айналып ұшады
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Air Astana компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстерге өзгерістер енгізбек. Бұл туралы ұлттық әуе тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға ұшатын рейстер өзгеріске ұшырайды.

– Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады. Байланыс үшін: брондау және ақпарат орталығы: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77; Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78 WhatsApp: +7 702 702 00 74 нөміріне хабарласуға болады,–деп хабарлады Air Astana компаниясының баспасөз қызметі.