• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақсайда бейнебақылау құрылғының арқасында 729 құқық бұзушылық анықталыпты

Заң бұзғандардың көбі жол жүру ережесін бұзғандар екен.
Ақсайда бейнебақылау құрылғының арқасында 729 құқық бұзушылық анықталыпты
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстанда 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл цифрлы дамуға жол ашты. Бұрын адам мен уақытты көп жұмсайтын еді. Енді жаңашылдықтың арқасында адам ресурсы мен уақыт үнем болып, ашықтыққа қол жеткізіп келеміз.

Жаңашылдықтар Бөрлі ауданында жүзеге асуда. Соның бірі – Ақсай қаласында жұмыс істейтін бейнебақылау құрылғылары. Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бейнебақылау құрылғылары арқылы моноқала 729 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Заң бұзғандардың 642-сі жол жүру ережесіне салғырт қараса, 87 адамның қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды.

Главный баннер

–Ауданның жалпы криминогендік ахуалына немесе көшелердегі бейнебақылау камералары арқылы қылмыстың азаюына қатысты тікелей деректер цифрландыру есебіне бөлек енгізілмеген. Дегенмен, қабылданған алдын алу шаралары мен заманауи технологиялық бақылау элементтерін кешенді түрде енгізудің нәтижесінде аудан аумағындағы криминогендік ахуалдың оң динамикасы байқалады. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында тіркелген қылмыс саны 3,57%-ға төмендеген, – деп хабарлады Бөрлі ауданының әкімдігі.

Ақсайдағы қоғамдық тәртіптен бөлек, шағын шаһар автобустардың жүрісі де есепке алынып жатыр. Аудан орталығында «ДС Автобус» мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды. Жаңашылдық 2026 жылдың бірінші маусымында іске қосылыпты. Ол қоғамдық көліктің жүріс-тұрысын бақылайды. Бағдарлама арқылы әкімдік автобустардың маршрутын онлайын режимде бақылап отырады.

— Бұл мобильді бағдарламаның атқаратын функциялары өте ауқымды: ол күнделікті желіге шыққан маршруттардың нақты санын, әрбір бағыт бойынша тасымалданған жолаушылардың жалпы ағынын дәл есептеуге және автобустардың бекітілген кестеге сәйкес қозғалысын автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, бұл бірыңғай қосымшаны енгізу тасымалдаушы мекеменің жасалған екіжақты шарт талаптарын орындауын цифрлық форматта қатаң бақылауда ұстауға үлкен септігін тигізуде, – деп хабарлады Бөрлі ауданының әкімдігі.

Главный баннер --> after article