• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтаудағы «емхана» дауы: рұқсат етілмеген құралдармен емдеген орталық жазаланды

Ақтау тұрғыны денсаулығы сыр беріп, жеке медициналық мекемеге қаралады.
Ақтаудағы «емхана» дауы: рұқсат етілмеген құралдармен емдеген орталық жазаланды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2026 жылдың шілдесінде Ақтау қаласының тұрғыны денсаулығы сыр беріп, жеке медициналық мекемеге ем-дом қабылдау үшін жолыққан. Бірақ жекемеге жолыққан науқастың жағдайы нашарлаған.Тұрғын медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне арыз түсірген. Осы арыздың негізінде департамент жекеге тиесілі медициналық орталықтың жұмысын тексеріпті. Тексеріс нәтижесінде медициналық орталықтың тіркелмеген медициналық бұйымдарды пайдаланғанын анықталды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот отырысында жеке мекеме кінәсін мойындаған.

Главный баннер

— Сот құқық бұзушылықтың мән-жайларын, кінәні толық мойындауын және жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін заңда көзделген 30 пайызға қысқартып, 605 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданылуы бір ай мерзімге тоқтатылып, құқықбұзушылықтың тікелей заты болып табылатын дәрілік заттарды тәркілеу және жою туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Главный баннер --> after article