• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтаулық блогер сот шешімімен айыппұл төлейтін болды: Жеке өмірге қол сұққандар жауапқа тартылды

Ақтау қалалық №2 соты әлеуметтік желіде өзге азаматтардың келісімінсіз видео жариялаған блогерге қатысты үкім шығарды. Сот шешімімен блогер бейнежазбаны өшіріп, зардап шеккендерге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.
Ақтаулық блогер сот шешімімен айыппұл төлейтін болды: Жеке өмірге қол сұққандар жауапқа тартылды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Дауға іліккен оқиға Ақтау тұрғынының Instagram парақшасында қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу амалдарының видеосын жариялауынан басталды. Бұл туралы Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.  Кадрларда іс бойынша жәбірленуші деп танылған екі азаматтың бейнесі анық көрсетілген. Аталған азаматтар өздерінің келісімінсіз суреттері мен бейнелерін пайдаланғаны үшін сотқа шағым түсіріп, материалды алып тастауды және моральдық шығынды өтеуді талап еткен. 

Сот процесі барысында жауапкер өзін «қоғам қайраткері» немесе «штаттан тыс журналист» деп қорғануға тырысқанымен, сот бұл уәждерді негізсіз деп таныды.

Сот шешімімен блогердің әрекеті заңсыз деп танылды. Жауапкер Instagram парақшасындағы даулы бейнежазбаны дереу жоюға және әрбір талап қоюшыға моральдық зиян үшін 200 000 теңге көлемінде, жалпы алғанда 400 000 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Главный баннер --> after article