Ақтөбе облысында кәмелетке толмағанның ісі Шалқар ауданының сотында қаралды. Жасөспірім орталық саябақ аумағында орналасқан орындықтарды шеуіп, бүлдірген. Соның кесірінен саябаққа 25 мың теңге көлемінде залал келтірген. Бұл туралы Шалқар ауданы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот отырысында кәмелетке толмаған бала кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінген. Жасөспірімнің материалдық залалды толық көлемінде төлеп бергені анықталды.
Сот қаулысымен бөтен мүлкіне залал келтірген жасөспірім Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 147-1 бабы, бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол 43250 теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.