• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 750 мың теңгесін қағып кетті

Ақтөбеде 70 жастағы зейнеткер алаяқтардың құрбаны болды.
Ақтөбеде алаяқтар зейнеткердің 750 мың теңгесін қағып кетті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде 70 жастағы зейнеткер алаяқтардың құрбаны болды. Қылмыскерлер тұрғынға месенджер арқылы хабарласып, емхана қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар медициналық қызметтерді әрі қарай алу үшін қайта тіркеуден өту қажет екенін айтып, әйелдің телефонына келген SMS-кодты айтқызған.

Араға біраз уақыт салып, зейнеткерлер өздерін eGov порталы мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалған. Олар алаяқтардың оның банк шоттарына қол жеткізуге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшаны «сақтап қалу» үшін өздерінің нұсқауларын орындауды талап еткен. Нәтижесінде кейуана олардың айтқанын орындап, 750 мың теңгесінен айырылып қалды.

Қазіргі таңда осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Полиция қызметкерлері тұрғындарға сақ болуға шақырады. 

 

 

Главный баннер --> after article