• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде дрондар 300-ден астам жүргізушіні «ұстап» берді

Ақтөбе облысының полициясы жолдарда дрондарды жиі ұшыра бастаған.
Ақтөбеде дрондар 300-ден астам жүргізушіні «ұстап» берді
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбе облысының тас жолдарында жол қозғалысын бақылаудың жаңа деңгейіне көшті. Полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалау үшін заманауи дрондарды белсенді қолданып жатыр.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жыл басынан бері әуеден бақылау құрылғысының көмегімен 300-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелген. Дронның көзінен қашып құтылу мүмкін емес: ол жолдағы қозғалысты толық бақылап, ең қауіпті құқық бұзушылықтарды жедел анықтайды.

Дрон нелерді «көреді»?

  • Қарсы қозғалыс жолағына шығу;
  • Басып озу ережелерін бұзу;
  • Жолдағы қауіпті маневрлер мен өзге де заңсыз әрекеттер.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жүйе өте тиімді жұмыс істейді:

— Дрондардан алынған ақпарат нақты уақыт режимінде жақын маңдағы патрульдік полиция экипаждарына жолданып, құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданады, — дейді ведомство өкілдері.

Мамандар мұндай бақылау түрі жүргізушілерді барынша жауапкершілікке шақыратынын және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізетінін атап өтті.

Главный баннер --> after article