• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде ерекше балаларға арналған лагерь жұмыс істейді

Орталық 2018 жылы ашылды.
Ақтөбеде ерекше балаларға арналған лагерь жұмыс істейді
Ақтөбе облысы әкімдігінің фотосы

Ақтөбенің Алға ауданында ерекше білім беруді қажет ететін лагерь жұмыс істейді. «Күншуақ» лагері – балаларды демалтып, оңалтатын тұңғыш мекеме. Ақтөбе облысы әкімдігінің таратқан ақпаратқа сүйенсек, сауықтыру орталығы 2018 жылы «Бақытты бала» бағдарламасы аясында ашылды. Күні бүгінге дейін осы орталықта 4,7 мың бала тынығып, әлеуметтік ортаға бейімделген.

Заманауи жағдай мен жан-жақты көмек

Главный баннер

«Күншуақ» лагері 18 гектар аумақта орналасқан. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін бар жағдай жасалған. Мекеменің төрт корпусы бар. Және баланың жан-жақты дамуы үшін бассейн, сенсорлық бөлме, психологиялық бөлме, ипподром, медициналық пункт пен жайлы асхана бар.

Кешенді оңалту және мамандар көмегі

Лагерьге демалуға келген балалармен логопед, дефектолог, психолог жұмыс жұмыстанады. Түзету-дамыту сабақтары аптасына үш рет болады. Балалар иппотерапия арқылы ем қабылдап, спортпен шұғылданады. Ұстаздар оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауды да назардан тыс қалдырмайды. Лагерьде тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайтуға көңіл бөлінеді. Мұнда қауіпсіз жабындысы бар әмбебап спорт алаңы, Workout жаттығу аймағы, көпфункционалды хоккей корты, ойын алаңдары және иппотерапия алаңы жабдықталған.

Болашаққа бағдар мен жаңа жоспарлар

Лагерьдегі әрбір күн спорттық жарыстар мен танымдық ойындарға толы. Балалар бес мезгіл құнарлы тамақпен қамтылған. Жобаның ұйымдастырушылары келешекте бұл осы мекеменің аумағында жазғы мектеп ашуды жоспарлап отыр. Мамандар баланың демалысын сапалы білім беру үрдесімен ұштастырғысы келеді. Жаңашылдық жеткіншектердің өмірлік дағдысын дамытып, қоғамға бейімделуіне тың серпін бермек.

Главный баннер --> after article