• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде пәтерді айырбастаймын деп 17 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

Ақтөбе қаласының 46 жастағы тұрғыны алаяққа барды деп күдікке ілінді.
Ақтөбеде пәтерді айырбастаймын деп 17 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде үш бөлмелі пәтерді айырбастап аламын деген 17 тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Облыстық полиция департаменті азаматтарды алдап соққан күдіктінің қолға түскенін хабарлады. 46 жастағы қала тұрғыны өзіне тиесілі үш бөлмелі пәтерді аумағы кіші баспананы үстеме ақымен айырбастаймын деп хабарлама орналастырған. Пәтердің иесі өзге адамдардың сеніміне кіріп, үстеме ақының бір бөлігін аударуға көндіреді. Ақшаны қалтаға басқан келіншек, табанын жалтыратып, тұрғындарды сан соқтырған. Тұрғындардың ақшасын өз қажетіне жаратқан екен.

Тәртіп сақшылары адамдарды алдап соққан алаяққа қатысты қылмыстық іс қозғап, оның өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Главный баннер --> after article