• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталды

Ер адам 30 жылдан астам уақыт бойы жылқы баққан.
Ақтөбеде жылқы ұрлады деп сотталған бақташы ақталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбеде 100 жылқыны ұрлады деп бұрын сотталған Рахат Сәрсенов ақталды. Ақтөбе облыстық сотының аппеляциялық алқасы жеті жылға сотталған Сәрсеновтың үкімін қайта қарап, оны сот залынан босатты. Бұл туралы atyrauoil.official парақшасы хабарлайды.

Рахат Сәрсенов қожалық иесінің арызынан кейін жылқы ұрлады деген айыппұл жеті жылға абақтыға қамалған. Сәрсеновты 100 жылқы ұрлады деп айып тағып, 30 миллион теңге көлемінде шығын да мойнына жүктелген. Үкімді қайта қараған аппеляция алқасы 100 жылқы емес, тек бір ғана жануардың жоғалғанын анықтапты.

Главный баннер

Сот отырысында Рахат Сәрсеновтың туыстары оның 1994 жылдан бері жылқы баққанын айтты. Олар Сәрсенов мырзаның мал бағып жүрген уағында инсульт алып, дертке шалдыққанын да тілге тиек етті. Қазіргі таңда ер адамның бір қол, бір аяғы істемейтін көрінеді. Ер азамат саналы ғұмырын жылқы бағуға арнапты. Ақсақалдың апасы Алтынай Сәрсенова: "Ол сырқатқа шалдыққанда қожалық иесі арыз түсіріп, қорқытып-үркітіп белгісіз құжаттарға қол қойдыртып алды",-дейді.

Үкімді естіген 60 жастағы Рахат Сәрсенов эмоциясына ерік беріп, көзіне жас алды. Ол тіпті қуаныштан сөйлей алмады.

Главный баннер --> after article