• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбенің түнгі клубынан есірткі тектес зат, кастет пен пышақ, кальян табылды

Тәртіп сақшылары тексеріс барысында түнгі клубта 2009 жылы дүниеге келген жасөспірім болған.
Ақтөбенің түнгі клубынан есірткі тектес зат, кастет пен пышақ, кальян табылды
Фото видеодан стоп кадр

Ақтөбеде прокурорлар мен полиция қызметкерлері түнгі клубтың бірінде тексеріс жүргізіпті. Тексеріс "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті. Нәтижесінде түнгі ойын-сауық орталығында бірқатар заң бұзушылық анықталыпты.

Ерлер әжетханасында есірткі тектес зат оралған үш орам табылыпты. Табылған заттар тәркіленіпті. Ғимаратты тексеру барысында металл кастет пен екі жиналмалы пышақ табылған. Тіпті тәртіп сақшылары бардан төрт кальянды анықтапты.

Главный баннер

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында түнгі клубта 2009 жылы дүниеге келген жасөспірім болған.

- Анықталған фактілер бойынша ойын-сауық орнының әкімшілігіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабы - кәмелетке толмаған адамның түнгі уақытта ойын-сауық орнында болуына жол бергені үшін, 441-бабының 1-бөлігі - темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін, сондай-ақ 200-бабының 1-бөлігі - алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында түнгі клубтың күзетшілерімен тиісті еңбек шарты жасалмағаны анықталыпты. Жалпы полиция бөліміне 17 адам жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар тұлғаларды анықтауға, сондай-ақ ықтимал қылмыстық әрекеттерді құжаттауға бағытталған қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Главный баннер --> after article