Ақтөбеде 56 жастағы тұрғын алаяқтарға алданып қала жаздады. Зардап шеккен адамға алаяқтар жеткізу қызметі, кейін банк қызметкерлерімін деп таныстырып, хабарласқан. Олар тұрғынның атына жалған несие рәсімделіп жатқанын айтыпты. Бұл ақпаратты өзге адамдарға айтпауға көндіріп, олардың нұсқауын орындауға көндіріпті.
Алаяқтар тұрғынмен тілдескенде оның екі бөлмелі пәтері бар екенін біліп алған. Қылмыскерлер мүлікті арзан бағаға сатуға көндіріпті. Тіпті пәтерді сегіз миллион теңгеге бағалаған. Баспана сататын агенттік менеджерлері алаяқтық белгілерді байқап, полицияға хабар берген.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары әйел адамға алаяқтардың құрығына түскенін айтып, мүліктің сатылуына жол бермеген.