2024 жылдың қорытындысы бойынша Alina Group компаниясы «Өндіріс — арнайы салық салу режимі» номинациясында «Үздік салық төлеуші» атты беделді мемлекеттік награданың лауреаты атанды.

Бұл марапат- өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, салық міндеттемелерін адал орындайтын және корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсететін компанияларға беріледі.

Марапатты 2025 жылдың 23 желтоқсанда Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары табыстады. Салтанатты жиында сала мамандары Alina Group компаниясы елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

«Үздік салық төлеуші» дипломына ие болу «біздің бизнес моделіміздің тиімділігін, жүйелі жұмысымызды және қызметіміздің абсолютті ашықтығын растайды», — деп атап өтті Alina Group компаниясының бас директоры Елена Удовенко.

— Біз үшін бұл марапат тек үлкен мәртебе ғана емес, мемлекет пен кәсіби қауымдастық тарапынан көрсетілген сенімнің белгісі. Бұл біздің тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, Қазақстан экономикасының өркендеуіне одан әрі үлес қосуға ынталандырады,-деді Елена Удовенко.

«Үздік салық төлеуші» дипломы бұл - мемлекеттің ресми мойындауы.Марапат компанияның қаржы тәртібін,заңға бағынуын және әлеуметтік маңызын көрсетеді.

Alina Group — халықаралық компания. Ол Қазақстанда құрылыс және әрлеу материалдарын өндіру дистрибуциялау саласындағы көшбасшы атанды. 2024 жылы компания халықаралық алып Nippon Paint Holdings Group құрамына кірді.

www.alina.kz