29 шілдеде сағат 11:09-да Алматыда жер сілкінді. Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісінің ошағы Қытай Халық Республикасының аумағында тіркелгенін хабарлады. Алматы қаласында жер дүмпуі екі баллды құрапты. Зардап шеккендер жоқ. Жер сілкінісінің кесірінен қираған ғимарат туралы мәліметте келіп түспепті.
Құтқарушылар жер сілкінісі кезінде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; - Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет); Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; - Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.