Алматыдан Оралға 13 мың тенгеге ұшуға болады
2019 жылдың 2 мамырынан бастап FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Орал қалаларын байланыстырып, тұрақты рейстерді орындамақ. Бұдан былай оңтүстік астана тұрғындары Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығына күнделікті 180 орындық Airbus A320 реактивті әуелайнерінде қатынайтын болады. «Алматы мен Орал арасындағы 2500 шақырым жерге жер үсті көліктерімен кем дегенде 3 күнде жетуге болады. Яғни, дәл осылай туған-туыстарына қатынайтын екі қала тұрғындары бірнеше күндерін тек жолда жоғалтады. Енді еліміздің көрікті қалаларының бірі, Батыс өңірдің мақтанышы – Орал қаласына Алматыдан кез-келген к