• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады?

Дәрігерлер шілденің шіліңгер ыстығында сақ шараларын еске салды.
Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады?
Валерия Сердюкованың фотосы

Оралда шілденің шіліңгір ыстығы орнатады. Қазір күндіз ауа температурасы +32+34 кейде +36 градусқа дейін болады деп күтіледі. Синоптиктер күн райы ыстық болады деп хабарлап, төтеншеліктер сақ болыңыздар деген хабарламасын таратуда.

 Дәрігерлер де аптап ыстықта күн тиіп, ауырып қалмас үшін сақ шараларын еске салады. Ақ халатты жандар аптап ыстықта сағат 11-ден кешкі сағат беске дейін шұғыл шаруаңыз болмаса, көше кезбеуге кеңес береді. Қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауыратын жандар ыстықтан мықтап сақтанғаны абзал.

— Түскі сағат 11-ден кешкі сағат беске дейін барынша далаға шықпау керек. Шыққан кезде жеңіл ақ түсті, ашқыл түсті киімдер киеміз. Басыңызға міндетті түрде бас киімді тастамаңыз. Өзіңізбен бірге таза ауыз суды алып жүру керек. Ағзаның сусыздануын алдын алу керек. Ешқандай газдалған сусын тұтынуға болмайды. Әсіресе, аптап ыстықта алкоголь өнімдерін тұтынуға болмайды. Егде жастағы адамдарға абай болу керек. (...) Салқындатқыш кондиционерді салқын температураға қоюға болмайды. Қолайлы температура +22+28 градус аралағында деп есептеледі. Суық су ішуге болмайды. Қазіргі таңда жастар аптап ыстық кезінде белгіленбеген жерде өзен мен көлдерде суға түседі. Аптап ыстықта суға түсуге болмайды. Себебі ыстықта судың температурасы салқын болады. Сол кезде температура құбылады. Аптап ыстық болған кезде салқын суға түссе, адамның ағзасына стресс болуы мүмкін. Бұлшықеттерде спазм болуы мүмкін. Оның салдары да болуы ғажап емес, — дейді Орал қаласы №5 емхананың жедел медициналық көмек бөлімінің дәрігері Өркен Алпамыс.

Аптап ыстықта күн тиіп ауыратын бар. Дәрігер бұл дерт адам организміне қауіпті екенін айтады. Бұл сырқаттың жеңіл түріне шалдыққан адамның басы айналып, мұрны қанауы мүмкін.  Адамда сырқат меңдесе есінен танып, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерелуі мүмкін. Дәрігер Өркен Алпамыс күн тиген адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін жіпке тізді.

— Ең бірінші адамды күн көзінен аластатып, көлеңке жерге ауыстыру қажет. Бұл бір ғимараттың, ағаштың көлеңкесі болуы мүмкін. Салқын ғимарат болса, тіпті жақсы. Күннің көзінен аластатқаннан кейін, үстіндегі киімдерді шешіп, ауамен қамтамасыз ету керек. Екіншіден күн тиген адамды салқындатуымыз қажет. Бұны сыртқы салқындату деп атаймыз. Салқын суға матаны жуып, үлкен тамыр өтетін жерге басамыз. Ол мойын, қолтықтың асты мен шапқа басамыз. Егер мұз болса, матаға орап, басуға болады. Аяғын көтеріп жатқызамыз. Міндетті түрде жедел жәрдем шақырамыз, – дейді дәрігер Өркен Алпамыс.

Главный баннер --> after article