Маңғыстау облысының орталығында қорғау нұсқамасын бұзған адам он тәулікке қамалды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға мамыр айында болған. Қамаққа алынған адам 15 шағын ауданында, 18 үйде өзінің азаматтық некедегі жолдасымен жандалдасып, оның ар-намысына тиіп, бейәдеп сөздер айтқан. Құқық қорғау қызметкерлері берген қорғау нұсқаманы қасақана бұзған.
Сот отырысында тыйымды бұзған ер адам кінәсін мойындамай, мұндай оқиға болмағанын алға тартқан. Зардап шеккен әйел оқиға болғанын растап, оған заң талаптарына сәйкес толық жаза беруді сұрапты.
Судьяның қаулысымен қорғау нұсқаны бұзған жан Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 461- бабы бірінші бөлігіне сәйкес кінәлі деп тауыпты. Оған он тәулік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.