9 часов назад

Ақтауда тұрғындардан үй салам деп заңсыз 5,5 млрд теңге жинағандар сотталды

Ақтауда «Сұлтан», «Аққала» мен «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлерді салам деп ақша жинаған компания басшыларына қатысты сот процесі аяқталды.

Ақтауда «Сұлтан», «Аққала» мен «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлерді салам деп ақша жинаған компания басшыларына қатысты сот процесі аяқталды.
Фото: pexels.com

Ақтауда «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемде алаяқтық жасағандарға қатысты сот үкім кесті. Қылмыстық істің тергеуін Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізді. 

Тергеу барысында «ИнтерьерСтройАқтау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лизенциясы мен жобалық-сметалық құжаттамасы болмастан адамдармен үлестік қатысу келісімшартын жасасыпты. Компания 590 тұрғынмен келісімге келіпті. 

Алаяқтар маңғыстаулықтардан заңсыз 5,5 миллиард теңге жинағаны анықталды. Заңсыз құрылыс жұмыстары талапқа сәйкес жүргізілмей, уағдаласқан мерзімде аяқталмапты. Компанияның кассасынан 1,9 миллиард теңгедей қыруар қаржыны жалған атқарылған жұмыстың актісіне қол қою арқылы шығарылған. 

Қолды болған қаражатты мекеменің басшылығы қалтаға басқан. Тергеу барысында бес жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салыптын. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан алты жарым жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу үшін 1,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленіп, өтем ретінде аударылған.

Фото: pexels.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp