• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбе мен Атырауда мектептер онлайн оқуға көшті

15 қаңтарда Ақтөбе облысы мен Атырау қаласының бірқатар мектептері уақытша онлайн оқытпақ.
Ақтөбе мен Атырауда мектептер онлайн оқуға көшті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

15 қаңтарда Ақтөбе облысының барлық мектебі онлайн оқуға көшті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 1 мен 11 сыныптың оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты онлайн білім алмақ. Сондай-ақ ақтөбелік оқушылармен қатар Атырау қаласында орналасқан 71 мектептің өрендері де онлайн форматта оқымақ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде -18-20 градус болып, күндіз -13-15 градус нөлден төмен болып, секундына 15-20 метр болатын екпіні қатты жел болады деп күтілуде.Синоптиктер Атырауда бүгін қар жауады деп хабарлаған еді.