06 апреля в 17:00

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығында 14 жоба іске аспақ

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласында құны 16,5 млрд теңгені құрайтын 14 жоба іске аспақ.

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығында 14 жоба іске аспақ
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынды. Биыл 16,5 миллиард теңгеге 14 жоба іске асады деп жоспарланған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігі хабарлады. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында мал шаруашылығын дамыту мен төрт түлікті вакцинациялау мәселесі қаралды. Аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев мал қыстатудың қорытындысын жіпке тізді. Ақтөбелік шаруалар жем-шөптің жеткілікті қорын қамтамасыз еткен.

— Мемлекет өңірде мал шаруашылығын дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығындағы субсидиялардың көп бөлігі ет және сүт шаруашылығына жұмсалады. Соңғы үш жылда бұл салаға 29 миллиард теңге субсидия бөлінді, ал 2024 жылы субсидия көлемі 5,6 миллиард теңгені құрады. СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасына 10 миллиард теңге, ал «Ауыл аманаты» жобасымен 2,5% жеңілдікпен 4 миллиард теңге несие бөлінді. Бұл қаражаттың негізгі бөлігі мал шаруашылығын дамытуға бағытталады, - деді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев.

Ақтөбе облысында бүгінгі таңда 605 мың бас ірі қара, 1224 мың бас ұсақ мал, 362 мың жылқы мен 24 мың ойсылқара тұқымы бар.  


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp