Ақтөбе облысында ауа райына байланысты оқушылар мен бірінші және екінші курстың студенттері қашықтан оқуға көшті. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ал, Батыс Қазақстан облысында оқушылар дәстүрлі оқу форматында білім алып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Атырау қаласының 71 мектебі мен Ақтөбе облысы, Астана қаласының барлық білім ошағы қашықтан оқыды.
Синоптиктер 16 қаңтарда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау және Маңғыстау облысының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде деп хабарлады.