Ақтөбеде 500 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Тәртіп сақшылары жедел-профилактикалық іс-шара барысында 38 жастағы қала тұрғынын құрықтаған. Полиция қызметкерлері қызметтік итті пайдаланып, Daewoo Nexia автокөлікті тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 43 орам және екі таблетка табылып, тәркілепті.
– Күдікті есірткіні буып-түю үшін пайдаланған гаражды тінту барысында жертөле бөлмесінен ұнтақ тәрізді заты бар 161 орам, өзіне тән иісі бар зат салынған үш шағын ыдыс, термометр, zip-пакеттер, сары және жасыл түсті изоленталар, электронды таразы, сондай-ақ жазбалары бар жұмыс дәптері табылып, тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша ұнтақ тәрізді заты бар 44 орам, шамамен 200 бос zip-пакет, заттың қалдығы бар пластик бөтелкенің бөлігі және ноутбук тәркіленді, – деп хабарлады Polisia.kz.
Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 128 бабы бойынша іс қозғалыпты.