Биыл Ақтөбе облысында сегіз мыңнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады. Биыл Ақтөбеде қала сыртында жеті лагерь, ал қосымша білім беру ұйымдарының жанынан 49 жазғы алаң жұмыс істемек.

Білім басқармасының мамандары бір аусымда қала сыртындағы лагерьлерде 1312 баланы қамту жоспарланып отыр.

- Қазіргі уақытта лагерьлер дайындықтың қорытынды кезеңіне көшті. Аумақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнебақылау жүйелері орнатылып және жаңартылуда, сондай-ақ инфрақұрылымды абаттандыру және дайындау жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлады Ақтөбе облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.