Ақтөбеде азаматтардың сеніміне кіріп, зейнетақы жинақтарының рейтингісін көтеріп беремін деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды. Алаяқтың бұл уәжіне 22 адам сенгені анықталды. Соның кесірінен зардап шеккен жандар 18 миллион теңгеден астам шығынға батқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, күдікті зейнетақы жинағының рейтингісін көтеріп беремін деп, азаматтардың ұялы телефонын қолданып, олардың жеке деректеріне ие болып, азаматтардың атынан микроқаржы ұйымдарының атынан несие рәсімдепті. Біраз уақыт өткеннен кейін қаржы ұйымдарынан қарызды төлеу туралы хабарлама келеді. Алданған азаматтар алаяқтың көмегіне қайта жүгінген. Бұл жайдайды күдікті өз пайдасына пайдаланып, тағы да несие рәсімдеген.
Қазіргі таңда азаматтарды алдап соққан алаяққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.