Ақтөбеде есірткі саудалаумен айналысқан дүкен жабылды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, интернет дүкен психотропты заттарды ел аумағына сатыпты. Дүкеннің жалпы айналымы 50 миллион теңгенден асып жығалады.
– Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған. Барлық көрсетілген деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 262, 297, 299-1-баптарымен (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, есірткі, психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді,– деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысы мен Астана қаласының аумағында алты адам анықталып, ұсталды. Он келіден астам психотроптық заттар тәркіленіп, іс сотқа жолданған.