Ақтөбеде мың түлек "Атамекен" әнін орындады. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімдігі хабарлады. Мектеп түлектері осылайша туған жеріне, өз еліне деген құрметі мен оқу ордаларына алғысын жеткізді. Олар арнайы алаңда жиналып, Қазақстанның картасы секілді сап түзеді. Әлеуметтік желі қолданушылары мұндай жас өрендердің тартуын жақсы қабылдап, жылы лебізін жазып жатыр.