Ақтөбеде прокурор ұсталды. Оны 17 ақпанда құрықтапты. Бұл ақпарды облыстық прокуратура қызметкері растады. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп қолға түсірген.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Ведомство өкілдері өзге ақпарат жайлы тіс жармады. Олар «ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», – деп қысқа қайырды.